Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімі қаладағы су мәселесі бойынша кеңес өткізді

су Сурет: pixabay
Алматы әкімі Ерболат Досаев "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнын дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы мен орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы қысқа мерзімде инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету қажет екеніне ерекше назар аударды. Қаладағы негізгі магистральдық су құбырлары, коллекторлар, су дайындау станциялары және кәріз тазарту қондырғылары 60-70 жылдары салынған. Мәселен, бүгінде Алматыда су құбыры желілерінің тозуы 55,8%, кәріз желілерінкі - 57,5%, құбырлардың бір бөлігінің тозу дәрежесі 100%-ды құрайды. «Алматы Су» МКК басшылығы қала әкіміне қалалық су құбыры-кәріз шаруашылығының ағымдағы жағдайы және жұмыстың аралық қорытындылары туралы хабардар етті.


"Тозуды азайту және апатты жағдайлардың алдын алу үшін жыл сайын кемінде 104 км су құбырларын, 73 км кәріз желілерін ауыстыру қажет, сондай-ақ диаметрі 900 мм және одан жоғары ірі су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту керек. Бұл ретте қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жыл сайын тек 20-24 км тозған құбырларды ауыстыруды қамтамасыз етеді", - делінген Алматф әкімдігінің хабарламасында.

Кеңес барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды, іске асыру мерзімдері айтылды – қалалық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін (40,9 млрд теңге) негізгі магистральдық су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңартуға баса назар аудару қажеттігі жоспарлануда. Талғар жер асты су көздерінен су жеткізу жүйесін жаңғырту, Қарғалы су дайындау станциясын пайдалануға беру көзделген. 

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі «Алматы Су» МКК басшылығына қысқа мерзімде инженерлік желілердің тозуын азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды. Мегаполис басшысы энергетика және коммуналдық кәсіпорын басқармасының алдында берілетін судың шығынын азайту, тұтынуды фискализациялау және инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру, оның ішінде Цифрлық су арнасы жобасын енгізу міндеті тұрғанын атап өтті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: