Екібастұз қаласының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылатын болды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының Энергетика және ТКШ басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза тағайындалды. Сондай-ақ облыс әкімі Екібастұздағы төтенше жағдайға жауапты болған басқа да тұлғаларға қатысты тиісті кадрлық шешімдерді жақын арада енгізуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz бұл жайлы Екібастұз қаласында өткен жедел штаб отырысында аймақ басшысы Асайын Байханов мәлімдегенін хабарлайды.
Ел Президенті жергілікті атқарушы органдармен қажетті жұмыс жүргізуді, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Осыған байланысты энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза жарияланды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов
Асайын Байханов Екібастұз қаласының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы айтты.
Сондай-ақ ол облыста Екібастұздағы ТЖ жұмысы үшін жауапты болған басқа да тұлғаларға қатысты тиісті кадрлық шешімдерді жақын арада енгізуге уәде берді.
Жұмысты қайта қарау керек, сіздердің бұл іске атүсті қарағандарыңыз дұрыс емес, - деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Асайын Байханов Екібастұздағы жөндеу бригадалардың жұмысын күшейтуді жүктеді.Сонымен қатар, қалалық жылу желілерін жөндеуді тексеру кезінде "Павлодарэнерго" АҚ-ға Екібастұзға қосымша күш жұмылдыруды тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript