Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да жылу электр орталығында тағы апат орын алды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 21:05 Сурет: tets.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов үндеу жасады. Әлеуметтік желідегі өз үндеуінде ол Риддер ЖЭО апатына не себеп болғанын айтып, оның салдары қашан жойылатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрметті жерлестер! Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде, 4 мотопомпалар, 4 суасты сорғылары іске қосылды. Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпараты бойынша 3-4 сағат ішінде апаттың салдары жойылады.

Даниал Ахметов Риддер тұрғындарын орын алған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді, алаңдауға ешқандай негіз жоқ деп сендіреді. Резервтік жабдық іске қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: