Екібастұзда 10-нан астам тұрғын үй тағы да уақытша жылудан ажыратылады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 21:56 Сурет: Zakon.kz
Мұнда жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Екібастұз қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, ертең - 18 қаңтарда келесі мекен-жайларда жөндеу жұмыстары жоспарланған:⠀

- Павлов көшесі, 80-үйден Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу, осыған байланысты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;⠀

- Қонаев көшесі, 138-үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою, осыған байланысты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: