Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының әкім орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды
Осыған дейін Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қызметтік міндеттеріне кіретін функцияларды тікелей орындағаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді.
"Факт болды. Мен бұл фактіні растаймын. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай, біздің бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін таратуға құқымыз жоқ", - деді Мұрат Түлеубаев Zakon.kz сайтына.
"Вечерняя Караганда" газетінің мәліметінше, әңгіме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарған Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары туралы. Мұрат Түлеубаевтың айтуынша, пара сомасы - 1 миллион теңге.
Саят Шаймин - Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі. "Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты" ММ сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес Саят Шайминнің үш орынбасары бар:
- Сәтпек Әбдәқалықов – аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары;
- Қойшыбай Сүлейменов – аудан басшысының жедел басқару, жоспарлау және абаттандыру жөніндегі орынбасары;
- Алмагүл Есімбаева – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Қарағандының Октябрь ауданы атауы 2021 жылдың желтоқсанында Әлихан Бөкейхан ауданы болып өзгертілді.