Батыс Қазақстан облысында 2 мыңнан аса абонент сусыз қалды

Батыс Қазақстан облысы, су, су құбыры, Чапаев кенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 15:35 Сурет: freepik
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Чапаев кентінде 2 мыңнан аса абонент сусыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды, деп мәлімдеді Qazaqstan арнасы.

Бұған ауылдағы сумен қамту жүйесіндегі үш су сорғыштың біреуі әбден тозып, істен шығуы себеп болды. Қалған екі құрылғының шамасы ауылды сумен толық қамтуға жетпейді.

Қазір кенттегі тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға ауыз су кестемен беріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: