Жаңалықтар тізбегі
0

Елдімекендерді су басу қаупі жоқ - БҚО әкімдігі

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2023 16:00 Сурет: gov.kz
Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысына қарасты оншақты аудандағы ауылдардан 103 839 текше метр қар суы сорып алынды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 наурызда Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов, "Қазидромет" және "Қазсушар" РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Ұшу барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттеліп, өзендер бойында орналасқан елдімекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

"Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см құрап отыр, елдімекендерге қауіп жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне - 25863 м3 (барлығы 103 839 м3)", делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарды шығару Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында да жүргізілді. Тәулігіне - 8338 қар (барлығы - 319915 м3 қар). 

Сонымен бірге 535 жерде мұз бұрғыланды, 230 шаршы метр мұз кесілді, 690 қапшық төселді, ұзындығы 2,8 км арықтар мен 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: