Ресейде "омикрон" штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды

коронавирус жаңа штамы , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2021 17:47 Сурет: pixabay
Роспотребнадзор Оңтүстік Африкадан оралған азаматтардан "омикрон" инфекциясының екі жағдайын растады

Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты жүргізген толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде  тәулік ішінде алғашқы оң ПТР тесті бар екі науқастан омикрон штаммы расталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Африкадан келген он адамның барлығынан COVID-19 вирусы табылған. Ал штаммдары әлі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың қараша айының соңына қарай коронавирустың жаңа түрі Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Оның s ақуызында ондаған мутация бары нақтыланды. Бұл жасушалар ауруды қоздыруға жеткілікті. Зерттеушілер SARS-CoV-2 геномында көптеген жаңа өзгерістер барын және науқастар мен вакцинацияланғандардың қорғаныс антиденелеріне төзімділігін айтуда. Алайда қорытынды жасауға әлі ерте. Болжам бойынша, жаңа штамм СПИД немесе АИТВ-мен ауыратын, иммунитеті әлсіреген науқас ағзасында пайда болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамына грек алфавитінің 15-ші әрпі бойынша "омикрон" атауын берілген. Омикронды ауырып тұрғандар мен вакцинацияланған адамдар да  жұқтыруы мүмкін екені айтылады. Алғашқы белгілері шаршау, бас ауруы мен дененің ауырсынуы.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: