Жаңалықтар тізбегі
0

Диктаторлар тым өкпешіл, кекшіл келеді

Ресейдегі диктатура, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 15:29 Сурет: Instagram/morgen_shtern
Ресей билігінің «двойной стандарты» туралы

Қазіргі Ресейде өзін жайлы, қауіпсіз сезінетін және ертеңіне сеніммен қарайтын адам аз екен. Өйткені жуырда атағы да, ақшасы да бар рэпер Моргенштерннің өзі әйелімен бірге чемодандарын көтеріп, Ресейден кетуге мәжбүр болды. Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин музыкантқа «есірткі сатумен айналысады» деп айып таққаннан кейін. Бірақ рэперге қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ.

Блогер Илья Яшиннің пайымдауынша, соты тәуелсіз, жөні дұрыс басқа елде Моргенштерн жала жапты деп, комитет басшысын сотқа бере алар еді. Бірақ Ресейдің аты Ресей екенін білетін рэпер қамалмай тұрғанда елден қашты.

– Өйткені бұл елді Кремль өзінің жеке меншігі деп қабылдайды. Өзім адал ақша таптым, атақ жидым, салық төледім, болды, қарыз емеспін, тыныш ұйықтаймын деп ойлауға болмайды. Сен жалпы мемлекет алдында мәңгі міндетті, мәңгі қарыз адамсың, Ресейдің жүйесі солай құралған. Нақтырақ айтқанда Ресейдің емес, елдің билігін басып алып, ешкімге бермей, өзін мемлекет деп санайтын адамдардың жүйесі. Әлішер (Моргенштерн) осыны түсінбеді. Навальныйдан аулақ жүріп, тәуелсіз әртіс болғаным жетеді деп ойлады.

Былтыр Инстаграмда Путиннің Конституцияны өзгертуін қолдайтын бір пост жариялауым үшін маған 10 миллион доллар ұсынды, мен бірақ бас тарттым деп бекер мақтанды. «Мәселе ақшада ғана, ақшам онсыз да жетеді», деп ойлағаны қате болды. Кремль бірдеңе сұрағанда «жоқ» деген жауап беретін құқығым бар деп ойлапты. Мұның Путинге қатысты мәселе екенін білмеді. Ал билік әртістерді сенімді және сенімсіз адам деп бөледі, бұл да саясаттың маңызды бөлшегі. Аудиториясы көп адамдарды пайдаланады. Кремльмен келіспей, тәуелсіз екеніңді көрсетсең, тіпті Путинге тіл тигізсең – өлгенің! Не қара тізімге енгенің. Путиннің Конституцияға түзетулерін жарнамалаудан бас тартып, «қалам ұшына» алынған Моргенштерн 2021 жылдың мамырында журналист Александр Невзоровпен болған әңгіме арасында «Путин лох» деп былш еткізді. Былай қарасаң, түк те жоқ. Қаптаған стримдер мен әлеуметтік желілерде кім не демей жатыр? Бірақ ең бастысы – Путинге тіл тигізуге болмайды, жүйенің бас жауы боп шыға келесің.

2015 жылы жүрген жерінде Путинге оңды-солды тіл тигізе беретін Борис Немцов өлтірілді. Тағы қаншама адам соққыға жығылды. Ресей билігі тым өкпешіл, тым кекшіл. Путин түгілі, Рамзан Кадыровты мазақ еткендер де таяқ жеп жатады. Сол себепті Моргенштернге қысым басталды. Прокуратураның сарапшылары оның клиптерінен есірткі жарнамасын тапты, сосын «өскелең ұрпақтың санасын құртып жатыр» деп, Моргенштернді қаралау науқаны басталды. Ұлы жеңісті сыйламайтынын, оны тойлатуға жөнсіз шашылатын миллиондар туралы айтқанына тіпті Путиннің хатшысы Песковтың өзі елең етті. Ал Бастыркиннің сөзінен кейін Әлішер Араб Әмірлігіне қашып кетті.

Қайтып келе ме ол Ресейге? Журналистер анықтағандай, президент әкімшілігі рэпердің продюсерімен байланысқа шығып, Ресейге оралуды, билікпен тікелей ауыз жаласуды ұсыныпты. Екі-үш жылдан кейін дауыс беру құқығын алатын елдегі жастардың арасындағы аса танымал Моргенштерннің керек болатынын Кремль жасырмайды. «Танымалдығыңды пайдаланып, бізге саяси көмек бер, біз сені кешіреміз» дегендей. Көнбесең, сенің үстіңнен қылмыстық істер ашыла салады.

Билікпен ымыралас болсаң, кез келген қылмысың кешіріледі. Ресей билігінің «двойной стандарты» осы. Әлгі журналистердің дерегіне сенсек, Моргенштерн ойлануға уақыт алыпты.

Бірақ бұл билікпен келісу өте қауіпті. Ауызбен ғана айтылған уәделер кепіл болмайды. Ережені өзі ғана бекітетін билік оны кез келген сәтте қалауынша өзгерте салады. Өзгелерге сабақ болсын деп, өтірік шақырып алып, өлтіріп тастаса не дейсіз? Бұл келіссөзде билік рэперді өзімен тең құқылы әріптес көрмейді, – дейді Илья Яшин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: