Жапондықтар ағаш спутникті орбитаға шығарады
2022 жылы жапон мамандары әлемдегі алғашқы ағаш спутнигін ұшыруға байланысты техникалық тәжірибелер жүргізуді жоспарлап отыр. Киото университетінің және Sumitomo Forestry компаниясының мамандары Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің мұрындық болуымен ерекше аппаратты әзірлеумен айналысады.
Жоспар бойынша ақпан айында JAXA астронавты Такао Дои Халықаралық ғарыш станциясындағы зерттеу модулінің сыртында түрлі ағаштар таңдалып зерттеу жүргізілді. Ашық ғарыш кеңістігінде сыннан өткен Магнолия, ямадзакура сакурасы, сондай-ақ тас қайың үлгілері таңдалып алынды.
Ағаш аппарат 2023 жылға қарай іске қосылады. 10 сантиметр болатын текше түріндегі спутниктің сыртына күннен қуат алатын элементтер орнатылады.