ҚХР Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде опат болғандардың туыстарына көңіл айтты
Сурет: gov.kz
Қытай тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Тілеуберді мен ҚХР Сыртқы істер министрі, Мемлекеттік кеңестің мүшесі Ван И арасында телефон арқылы сұхбат өтті, деп хабарлайды Zakon.kz
Әңгіме барысында Қытайдың СІМ басшысы өз және ҚХР халқы атынан Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.
Сондай-ақ ҚР Президенті мен үкіметінің ел тәуелсіздігі мен мемлекеттің территориялық бүтіндігін қорғау үшін қабылдап жатқан шараларын қолдайтынын атап өтіп, қытай тарапы елде жуық арада тұрақтылық орнайтынына сенімді екенін жеткізді.
Тілеуберді Қазақстан басшылығы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағдайды қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын хабарлады.
Тараптар сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript