Түркіменстан президенті спорт көлігімен Қарақұмды аралады

Түркіменстан, Бердімұхамедов, президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 13:47 Сурет: turkmenistan.gov.tm
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов спорт көлігімен Қарақұм шөлін аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Бердімұхамедов көлік жарысын, атқа мінгенді, ән жазғанды, атысты, балық аулағанды жақсы көреді.

Бұл жолы президент Қарақұмның ең көрікті жерлерінің біріне сапар шекті.

Жолға шығар алдында мемлекет басшысы көлікті қажетті техникалық тексеруден өткізді. Ол тізгіндеген жарыс көлігі бірден жылдамдығын арттырып, бірнеше қиын бұрылыстардан өтті, – деп жазды «Түркіменстан: Алтын ғасыр» басылымы.

Басылымның хабарлауынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқанда көлік бұзылып қалған. Дегенмен, «президент техникалық ақауды тез арада жөндепті».

Мемлекет басшысы спорт көлігімен Қарақұмның биік төбелерінің біріне шықты, – деп жазады басылым.

Еске салайық, 2022 жылдың 12 наурызында Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: