Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: gov.kz
Украинадағы Қазақстан елшілігі ондағы қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елшілік алдын-ала ауыз су мен азық-түлікті жинақтауға және жергілікті биліктің нұсқауларын орындауға шақырады.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары
Әскери қауіпке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын қатаң түрде орындауды, оның ішінде жақын маңдағы паналау орнына (бомба баспанасы, жерасты өткелі, жертөле, жерасты тұрағы, жерасты тоннель және т.б.) дереу жетуді ұсынамыз.
Қауіпті сәтте сіз тұрғын үй-жайда қалсаңыз, жарықтандыруды толығымен өшіріп, терезелерге жақындамаңыз және ең қауіпсіз орында болыңыз.
Ауыз су мен азық-түлікті алдын ала жинақтауға тырысыңыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript