Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Польша ұшақтары, сыртқы қарыз және Еуропалық одаққа жүгіну

Украиндағы шиеленіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 23:03 Сурет: РФ Қорғаныс министрлігі
Украинада ұрыс іс-қимылдары әлі жүріп жатыр. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ресейлік қарулы күштер тобы Украинада арнайы операция жүргізіп жатқанын мәлімдеді, Украина президенті Владимир Зеленский Еуропарламентте сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат және экономика

  • Украина кеңесу үшін Қырғызстаннан (Украинаға қарсы агрессияны ақтағаны үшін) және Грузиядан (көмектескісі келетін еріктілерге кедергілер келтіріп, санкцияларға қатысты позициясы үшін) өз елшілерін қайтарып алды.

  • Украина Есеп палатасының басшысы Валерий Пацкан Ресей Федерациясының шабуылы және соғыстан келіп жатқан залалдарға байланысты сыртқы кредиторлардан Украинаның сыртқы қарызын кешіруді талап ету дұрыс деп санайтынын айтты. Бүгінгі таңдағы сыртқы қарыз көлемі - 1,6 трлн гривен, яғни 57 миллиард доллардан асады.

  • Зеленский Еуропарламентте сөз сөйледі. Ол: "Украинамен бірге Еуропалық Одақ әлдеқайда күшті бола түседі, ал ЕО-сыз Украина жалғызсырап қалады" деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол қазір Украинаның барлық ірі қалалары қоршауда екенін мәлімдеді.

  • Еуропалық Кеңестің басшысы ЕО Кеңесі Украинаның Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуге қатысты білдірген өтінішін байыппен талдайды деп уәде берді.

  • Кейінірек Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ярмак Украинаның ЕО-ға мүшелікке өтуге қатысты өтініші қабылданғанын айтты.

Соғыс қимылдары

  • Шойгу: "ресейлік қарулы күштер тобы өз мақсаттарына жеткенге дейін Украинада арнайы әскери операцияны жүргізе береді".

  • Польша өз ұшақтарын Украинаға жібермейді, өйткені НАТО шиеленісуші тарап болып саналмайды, - деді президент Дуда.

  • РФ Қорғаныс министрлігі: Украиналық әскерилердің Азов теңізіне шығу жолдары толықтай жабылды. РФ Қарулы Күштері Украинаның әскери инфрақұрылымының 1 325 нысанын жойды.

  • РФ Қорғаныс министрлігі: ДХР Халық милициясының жасақтары Донецк облысының шекарасына жетіп, РФ ҚК бөлімшелеріне келіп қосылды.

  • Сондай-ақ, РФ Қорғаныс министрлігі "Ресейге қарсы ақпараттық шабуылдың жолын кесу үшін Украина қауіпсіздік қызметінің технологиялық нысандары мен Киевтегі 72-ші бас орталыққа қарсы жоғары дәлдіктегі қарулармен соққылар жасалады" деп мәлімдеді. Құзырлы ведомства ретрансляциялық желілер жанында тұратын Киев тұрғындарына үйлерінен кетуін сұрап, үндеуге құлақ түруге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: