Жаңалықтар тізбегі
0

Жапония достыққа жат елдер тізіміне қосылғаннан кейін Ресейге наразылық білдірді

жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 10:30 Сурет: pixabay
Ресей үкіметі бұған дейін Ресей Федерациясына қарсы достық емес әрекеттер жасайтын шет мемлекеттер мен аумақтардың тізімін бекіткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости хабарлауынша, Жапония үкіметі Мәскеудің достыққа жат елдер мен аумақтар тізіміне енуіне байланысты Ресейге наразылық білдірді.

Ресейдің достыққа жат елдер қатарына қосылуы өкінішті. Біз дипломатиялық арналар арқылы наразылық білдірдік.Жапония Үкіметінің Бас хатшысы Хироказу Мацуно

Ресей үкіметі бұған дейін Ресейге қарсы достық емес әрекеттер жасайтын шет мемлекеттер мен аумақтардың тізімін бекітті. Оған ЕО елдерінен басқа АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да кірді.

Сонымен қатар санкциялар аясында шетелдік компаниялармен мәмілелер жасау ережелері бекітілді: ресейлік компаниялардың Ресейге жағымсыз елдердің азаматтары мен фирмаларымен жүргізетін барлық операциясын шетелдік инвестицияларды бақылау комиссиясы бекітеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: