Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның жаңа президенті болып сайланды

Түркменстан, сайлау, Сердар Бердімұхамедов, Түркменстан президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 13:30 Сурет: turkmenistan.gov.tm
Түрікменстандағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. Ол 72,97 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрікменстанда 12 наурызда өткен сайлауда 9 үміткер бақ сынады.

  • Лебап уәлаятының қаржы-экономикалық арнаулы орта мектебінің директоры Перхат Бегенжов 2,02% жинады;

  • Мары уәлаяты әкімінің орынбасары Ағаджан Бекмырадов 7,22%;

  • Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов 72,97%;

  • Түрікменстан Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің Awaza санаторийінің бас дәрігері, Түркіменстан мәжілісінің депутаты Бердимаммет Құрбанов 2,22 %;

  • Wepaly gurluşyk шаруашылық серіктестігінің директоры Мередов Бабамұрат 1,08%;

  • Түрікменстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Хыдыр Нуннаев 11,09%;

  • Түрікменстан Демократиялық партиясы Сапармұрат Түркіменбашы этрапының Дашогуз уәлаяты комитетінің төрағасы Мақсат Одешов 1,15%;

  • Мақсатмұрад Овезгелдиев, Ахал облысы Бабадайхан атырабындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы 1,16%;

  • Түрікменстан мемлекеттік энергетика институтының «Жаңартылатын энергия көздері» ғылыми-өндірістік орталығының директоры Какагелді Атажанұлы Сариев 1,09% дауыс.

    72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның президенті болып танылды, деп хабарлады Түрікменстанның Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: