Латвия Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне газ айдауды тоқтатқанын мәлімдеді
Сәуір айының басынан бастап Ресейден Латвия, Литва және Эстонияға табиғи газ айдау тоқтатылды, деп хабарлайды РБК.
Латвияның Conexus Baltic Grid газ тасымалдау жүйесі операторының басшысы Улдис Барисстің айтуынша, Мәскеудің достастыққа жатпайтын елдерден газ үшін төлемді тек рубльмен қабылдайтындығы туралы шешімі Балтық жағалауы елдеріне деген тасымалдың көлемін күрт төмендейтінінен хабар берді, енді оларға "аса сенім артуға болмайды".
Қазір Латвияға газ Клайпеда сұйытылған табиғи газ терминалы және Инчукалнс жерасты газ қоймасынан жеткізіліп жатыр, ал соңғысында "осы кезең үшін ерекше көп газ бар", - деді Барисс.
Сондықтан, Латвияның алдағы бірнеше ай бойына өзінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін алаңдауға негіз жоқ, - дейді ол.