Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер egov сайтына тіркелуі керек

egov, компьютер, интернет, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 15:10 Cурет: Zakon.kz
Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттер МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін электронды үкімет сайтына тіркелуі қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін тұлғалардың жарнасын мемлекет қамтамасыз етеді.

Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігінде атап өтілгендей, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстанда студент ретінде тіркелмегендіктен департаменттің ақпараттық жүйесінде жоқ. Тиісінше олар міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет ала алмай отыр.

Осыған байланысты студенттер egov.kz электронды үкімет порталының «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөліміне өтініш беріп, растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) қоса беруі қажет.Білім және ғылым министрлігі

Өтініш беру үшін:

  • Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге кіріңіз.

  • «Қызметтер» бөлімінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз.

  • Өтінімді толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS пароль арқылы қол қойыңыз.

  • Өтінішті өңдегеннен кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде хабарлама аласыз.

  • Деректер тиісті органмен тексеріліп, студент мәртебесі жаңартылғаннан кейін сессияның соңына дейін деректер сақталады.

Әр сессиядан кейін студент egov.kz электронды үкімет порталында қайта тіркелуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: