Түрікменстанда коронавирус жоқ болса да, карантин күшейтіліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Түркіменстан билігі коронавирустың таралуын әлі ресми түрде мойындаған жоқ. Соған қарамастан ел COVID-19-ға қарсы күресті тағы да күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түрікменстанның батысында маска тағу режимін сақтау талабы күшейтілді.
«Азаттық» радиосы хабарлауынша, жергілікті билік маска тағу талабын коронавирус, сонымен қатар пневмонияның жаңа толқыны таралуымен түсіндіреді.
Шектеулердің күшеюі, атап айтқанда, жақында шетелден келген азаматтардан дельта-плюс штаммы анықталуына байланысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript