Тимошенко мемлекеттік қарызды жоюды сұрады, Ресейдің екі облысында атыс болды

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 23:24 Сурет: pexels
Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Мариупольді босату үшін елімізге Батыстан көбірек қару жеткені қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ивано-Франковскіде 25 көшенің атауы өзгертіледі. Достоевский, Лермонтов, Циолковский, Короленко және Сахаровтың орнына Чернигов, Мариуполь сынды батырлардың есіміндегі көшелер пайда болады, ал тағы бір бөлігі Украина ұлт-азаттық көтерілісі мүшелерінің құрметіне арналады.

  • Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдері ресейлік энергия ресурстарынан бас тарту туралы мәлімдемелерімен нарықта тұрақсыздық тудырып, өз азаматтары үшін бағаны шарықтатады деп санайды.

  • РФ Денсаулық сақтау министрлігі Брянск облысындағы атыста сегіз адам зардап шеккенін, алтауы ауруханаға жатқызылғанын, екеуі ауыр халде екенін жеткізді.

  • РФ Қорғаныс министрлігі "Мәскеу" крейсеріндегі от тұтану ошағы оқшауланғанын хабарлады. Ашық жалын ауыздықталды, оқ-дәрілердің жарылысы тоқтады. Крейсер батпады, өз бетімен жүзіп келеді. Ондағылар Қара теңіз флотының кемелеріне эвакуацияланды.

  • "Мәскеу" ұрыс кемесі Севастопольге өз бетімен жақындап келеді, - деді Пентагонның өкілі Джон Кирби. Оның айтуынша, крейсер Севастопольде күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Пентагон кемеге не болғандығы туралы өздерінде ақпарат жоқтығын жеткізді.

  • Украинада әскери тұтқындарды айырбастау тәртібі бекітілді. Бұл құжат "қызмет бабында пайдалану үшін"деген белгімен таңбаланған.

  • Мариупольді босату үшін Украинаға батыстан көбірек қару жеткені қажет, - деді Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба.

  • Bloomberg өз дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, Владимир Зеленский Еуропалық комиссияның басшысы Урсуле фон дер Ляйенге Украинаға жалақы төлеу үшін айына 7 миллиард доллар қажет екенін айтты деп жазады.

  • Түркия БҰҰ деңгейінде мәртебесі бекітілсе, Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға қосылады, - деді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу.

  • Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко Батыс елдерін Украинаның мемлекеттік қарызын жойып, ел бюджетіне Ресей Федерациясының бұғатталған қаражатын беруді сұрады.

  • Белгород облысында Журавлевка ауылында атыс болды. Тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға зақым келді, - деді губернатор Гладков. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

  • Украинаның Жоғарғы Радасы Ресей Федерациясының Қарулы Күштері қолданатын Z және V таңбаларына тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп мәлімдеді Парламент депутаты Ярослав Железняк.

  • АҚШ жоғары дәрежелі америкалық шенеуніктердің Украинаға сапарына қатысты әлі нақты шешім қабылдаған жоқ, - деді Джо Байден.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: