Жапонияда теңіздегі круиздік кеме құтқаруды сұрап, белгі жолдап жатыр
Сурет: pixabay
Экипаждың барлық мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киіп, көмек күтіп отыр. Оқиға орнына патрульдік кемелер мен ұшақтар жіберілді. Кемеде шамамен 30 адам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапонияның солтүстігінде KASU1 круиздік кемесі құтқаруды сұраған дабыл белгісін жолдады, деп хабарлайды NHK.
БАҚ-тың хабарлауынша, бортында шамамен 30 адамы бар кеме Сяри ауылының маңындағы Сиретоко түбегінің жағалауына жақын тұр.
Экипаждың барлық мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киіп, көмек күтіп отыр. Оқиға орнына патрульдік кемелер мен ұшақтар жіберілді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы әлі ашып айтылмады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript