Еуропада газдың бір мың текше метрінің құны 1200 доллардан асты

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 22:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
12 мамырдағы сауда-саттық барысында Еуропадағы газдың бір мың текше метрінің құны 1200 доллардан асты. Бұған ICE биржасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.

TTF хабындағы маусым фьючерстерінің бір мың текше метр құны 1236,3 долларға немесе бір мегаватт сағаты 114,745 евроға дейін өсті. Жалпы, бір күн ішінде газдың құны 20% - дан астамға өсті.

Lenta.ru хабарлағандай, "Украина ГТҚ операторы" Луганск облысындағы "Сохрановка" газ тарату станциясы арқылы Еуропаға газ тасымалдауды тоқтатты. Мұндай шешім форс-мажорлық жағдайларға байланысты қабылданды, яғни "Сохрановка" және "Новопсков" шекаралық компрессорлық станциясы (КС) арқылы газды тасымалдаудың мүмкін еместігіне байланысты.

Осыған байланысты тасымалдау уақыттарында ауытқу болады, газ қабылдау жүзеге асырылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: