Ким Чен Ын КХДР-да бұрқ еткен COVID-19 індетін «ең үлкен соққы» деп атады
![COVID-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2022 10:48](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-cdcb3f12-1255-45eb-9656-94f5c2623671/800x451.webp)
Солтүстік Корея басшысы елде белең алған коронавирус инфекциясын "Республика құрылғаннан бергі ең үлкен соққы" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lenta.ru-дың хабарлауынша, 12 мамырда елде алғаш рет КВИ-дің «омикрон» BA.2 немесе «стелс-омикрон» деп те аталатын түрі анықталды.
Бұған дейін Солтүстік Корея билігі елде пандемия жоқ деп мәлімдеп келген. Аурудың анықталуына байланысты республикада төтенше жағдай режимі жарияланды.
13 мамырдағы дерек бойынша, КХДР-да ыстығы көтерілген 174 мың адам анықталды. Сонымен қатар, сәуір айының соңынан бері ауру жұқтырғандардың жалпы саны 524 мыңнан асты, олардың 280 мыңнан астамы ауруханаға орналастырылып, ем-дом қабылдауда.
Оқи отырыңыз: БҰҰ COVID-19 бойынша күресте Солтүстік Кореяға көмектесуге әзір
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript