Мәскеуде өткен саммитте ҰҚШҰ елдерінің басшылары бірқатар құжатқа қол қойды
Сурет: Telegram/bort№1
Мәскеуде өткен саммитте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің басшылары бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарауға және қол қоюға екі құжат ұсынылды:
Шарттың 30 жылдығына және ұйымның 20 жылдығына байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесі;
Қазақстан аумағында бітімгершілік операциясына қатысушыларды марапаттау туралы.
Бітімгершілік операциясына ерекше көзге түскен қатысушыларды марапаттау туралы шешім қарастырылған. Операцияны дайындау мен өткізудегі шебер басшылық үшін алты әскери қызметкерге ҰҚШҰ-ның I және Ⅱ дәрежелі құрмет белгісімен марапаттау ұсынылды, оның ішінде бітімгершілік тобының командирі генерал-полковник Андрей Сердюков бар. Белсенді қатысқаны мен жанқиярлығы үшін бірқатар әскери қызметшілер ұжымдық қауіпсіздікті нығайтқаны үшін медальмен марапатталған.ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас
Еске салайық, ҰҚШҰ саммиті Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған еді.
Кездесуге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript