Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Украинаға 40 миллиард долларлық көмек пакетін беретін болды

АҚШ, Конгресс, Джо Байден, көмек пакеті, Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 09:13 Сурет: pixabay
Украинаға көмек көрсетуді қолдап 86 сенатор дауыс берді, 11-і қарсы болды. Жақын арада АҚШ президенті заң жобасына қол қоюы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 мамырда АҚШ Сенаты Украинаға 40 миллиард долларлық көмек көрсету пакетін басым дауыспен мақұлдады. Құжат президент Джо Байденге қол қоюға жіберілді, деп жазды Deutsche Welle.

Байден заң жобасының қабылдануы Украинаны сырттан қаржыландыруда кідіріс болмайтынына кепілдік беретінін айтты.

Мен Конгрессті әлемге Америка Құрама Штаттары халқы өз демократиясы мен бостандығын қорғау жолындағы батыл Украина халқымен бірге екені туралы нақты екі партиялы белгі жібергені үшін құптаймын. Джо Байден

Сәуір айының соңында Байден АҚШ конгресінен Украинаны қолдауға 33 миллиард доллар бөлуді сұрады. Кейінірек бұл соманы Конгресстің өзі 40 миллиард долларға дейін өсірді.

Оның 20 миллиарды әскери қажеттіліктерге жұмсалады. 11 мамырда заң жобасын Өкілдер палатасы мақұлдады. Жақында АҚШ президенті құжатқа қол қояды, содан кейін ол күшіне енеді деп күтілуде.

Сенаттағы дауыс беруден кейін көп ұзамай Байден Украинаға жаңа әскери көмек пакетін – артиллерия, радар және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету ниетін мәлімдеді. Жаңа пакеттің құны 100 миллион доллар болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: