Жапония карантин шектеулерін жұмсартып, туристерді қабылдау лимитін арттырады
1 маусымнан бастап біз инфекцияның алдын алуға байланысты елге кіру талаптарын жеңілдетеміз және сырттан адам қабылдаудың тәулік бойындағы лимиті 10 мыңнан 20 мың адамға дейін арттырамыз", деп хабарлайды ТАСС Мацуноның сөзін келтіріп.
Министрлер кабинетінің Бас хатшысының айтуынша, бірқатар туристер үшін алғашқы бірнеше күн қонақ үйлерде карантинде болу талабы да жойылады. Мұндай жағдайда ұшаққа отырар алдында ПТР-тест анықтамасын көрсету талабы сақталады.
Жапония СІМ сайтында хабарланғандай, коронавирустың таралу жағдайына қарай мемлекеттер үш топқа бөлінеді. Бірінші (қызыл) санаттағы мемлекеттер арнайы қонақ үйде үш күн карантинде болуға мәжбүр болады және үшінші күні коронавирус жоққа шығарылған жағдайда ғана қонақ үйден шыға алады.
Екінші (сары) топтағы елдерден келген туристер бір апта бойы үйде болуы керек, бірақ үшінші күні тест тапсырып, коронавирус диагнозы жоққа шығарылса, үшінші күні-ақ карантинді аяқтау мүмкіндігі болады. Жапонияда мойындалған коронавирусқа қарсы үш вакцинаны алған болса, онда барлық карантиндік талаптар жойылады. Үшінші (көк) топтағы елдерден келгендерге, тіпті қосымша екпе салдыртпаса да ешқандай талаптар қолданылмайды.
Санаттар бойынша елдердің тізімі әлі жарияланған жоқ. Бұл өзгеріс 10 сәуірде күшіне енді.