Түрікменстан президентінің анасына «Еңбек сіңірген кілем тоқушы» атағы берілді
Сурет: tdh.gov.tm
Ұлттық кілем тоқу өнерін дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов 11 әйелге «Түрікменстанның еңбек сіңірген кілем тоқушысы» құрметті атағын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың арасында Түрікменстанның қазіргі президентінің анасы Огулгерек Бердімұхамедова да бар.
Огүлгерек Бердімұхамедова – түрікменнің кілем тоқу өнерін келешек ұрпаққа жеткізуге, дамытуға, жетілдіруге, шебер қолмен жасалған кілемдері арқылы киелі Отанымыздың даңқты дамуын дүние жүзіне дәріптеуге лайықты үлес қосқан шебер кілемшілердің бірі, – делінген қаулы мәтінінде.
Сондай-ақ, «Туркменистан сегодня» басылымының бетінде жарияланған құжатта жазылғандай, «ол көп жылдар бойы Ахал уәлаятының Геоктепе қаласындағы кілем фабрикасында мінсіз жұмыс істеп, өнердің бірегей технологияларын қолданудағы бай тәжірибесін қолданады, кілем тоқып, кілем жасауда шеберлік танытып, шеберлігімен, еңбекқорлығымен жастарға үлгі болып жүрген білікті кілемші ретінде зор беделге ие болды».
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript