Ким Чен Ын Ресейге толықтай қолдау білдіретінін жеткізді
Сурет: pixabay
Алдында Ким Чен Ын Жеңіс күніне орай құттықтауында Ресейге қолдау білдірген болатын. Пхеньян Ресей мен КХДР достық қарым-қатынасы одан әрі қарыштай беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Ресей күніне арналған құттықтау хатында Ресей Федерациясына толық қолдау білдірді, деп хабарлайды ТАСС.
Ресей халқы әртүрлі қиындықтар мен проблемаларды жеңе отырып, өз елінің қадір-қасиеті мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы әділетті істе үлкен жетістіктерге жетті. Корей халқы толықтай қолдау білдіре отырып, оны мақұлдайды. Ким Чен Ын
Солтүстік Корея басшысы өз хатында Ресей Президентіне мықты денсаулық және орыс халқына амандық тіледі.
Алдында Ким Чен Ын Жеңіс күніне орай құттықтауында Ресейге қолдау білдірген болатын. Пхеньян Ресей мен КХДР достық қарым-қатынасы одан әрі қарыштай беретініне сенім білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript