Пентагон Украинаға берілген әскери көмек бойынша есеп берді

Пентагон, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2022 09:51 Сурет: pixabay
АҚШ Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері 23 ақпаннан бастап Киевке қандай көмек көрсетілгені туралы ақпарат жариялады. Сонымен мұндай қолдаудың көлемі 5,6 млрд долларға жеткен, ал Джо Байденнің АҚШ президенті қызметіне кіріскен күннен бастап - 6,3 млрд доллар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пентагон тасымалданып, жеткізілген әскери техниканың тізімі мен санын алға тартты:

  • 1,4 мыңнан астам Stinger ТЗЗК;

  • 6,5 мыңнан астам Джавелин ТҚЗК;

  • 20 мыңнан астам басқа типтегі танкке қарсы кешен;

  • 700-ден астам Switchblade ұшқышсыз ұшу аппараттары;

  • 126 155 мм гаубицалар және оның 260 мың оқ-дәрісі;

  • осы артиллериялық зеңбіректерді сүйретуге арналған 108 тактикалық көлік;

  • 20 - Ми-7 тікұшағы;

  • 200 - M113 бронетранспортерлері;

  • 7 мыңнан астам атыс қаруы мен 50 миллионнан астам оның оқ-дәрісі;

  • 75 мыңға жуық сауыт-сайман мен каска жиынтығы;

  • 121 Phoenix Ghost ұшқышсыз авиациялық кешені;

  • "Гарпун" жерден басқарылатын кемеге қарсы қанатты зымырандар.

Одан бөлек, тізімде химиялық, радиологиялық және биологиялық қарудан қорғау құралдары, медициналық керек-жарақтар, байланыс жүйелері, жарылғыш заттар, түнде көру құралдары, спутниктік байланыс қызметтері, сондай-ақ украиндық әскерилердің оқуын және техникалық қызметті қаржыландыру да бар.

Айта кетелік, 15 маусымда АҚШ шамамен 1 миллиард доллар көлемінде Киевке әскери көмектің кезекті траншын бөлетінін жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: