Махатма Гандидің немересі Үндістан президентінің сайлауына қатысудан бас тартты
Сурет: pixabay
Атақты үнді саясаткері Махатма Гандидің немересі, Батыс Бенгалияның бұрынғы губернаторы Гопалкришна Ганди өзін Үндістан Президенттігіне үміткер ретінде ұсынғысы келген оппозиция ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ганди алдағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынған оппозиция өкілдеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды lenta.ru.
Бірақ аталған мәселені терең зерттей отырып, оппозицияның кандидаты оппозициялық бірліктен бөлек ұлттық консенсус пен ұлттық атмосфераны құра білетін адам болуы керек деп санаймын, – деді ол.
Саясаткер бұл рөлді атқара алатын адамның табылатындығына сенімді екенін жеткізді.
"Сондықтан мен оппозиция басшыларынан сондай адамға мүмкіндік беруді өтіндім", - деді ол.
Оппозиция ұсынатын кандидат 21 маусымда ресми түрде таңдалып, жарияланады деп күтіліп отыр.
Үндістан Президентінің сайлауы 18 шілдеде өтеді, ал дауыстарды санау 21 шілдеге белгіленген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript