Украинаның ЕО-ға мүшелікке өту жолындағы жеті қадамы. Ресейдің сыртқы қарызы

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 22:55 Сурет: kremlin.ru
Украинаның ЕО-ға мүше болуын еуропалықтардың үштен екісі қолдайды. Германия Ресейден Литваға қарсы жариялаған шараларды жүзеге асырмауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Украина жыл соңына дейін ЕО-ға мүшелікке өту жолында жеті қадамды орындауды жоспарлап отыр - вице-премьер Ольга Стефанишина.

  • РФ президенті Владимир Путин сыртқы валюталық мемлекеттік қарыз бойынша төлемнің уақытша тәртібін белгілейтін Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік еурооблигациялар бойынша міндеттемелер рубльмен төлегеннен кейін орындалған болып саналады.

  • РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков The Guardian және The Independent британдық басылымдарының Ресейде жаппай мобилизацияға дайындық жүріп жатыр деген ақпарат "таза өтірік" деп мәлімдеді.

  • Роскомнадзор тыйым салынған материалдарды тағы да жоймағаны үшін Google-ге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

  • Украина Грузияға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін бермеуді талап етті, - деді республика премьер-министрі Ираклий Гарибашвили.

  • Біз Украинаны барынша қаржылай және қару-жарақпен де қолдаймыз - Германия канцлері Олаф Шольц.

  • ГФР үкіметі Мәскеуді Ресей мәлімдегендей, Литваға қарсы шараларды жүзеге асырмауға шақырды, яғни өз аумағы арқылы Калининградқа санкцияға ұшыраған тауарлардың транзитін тоқтатуды.

  • Украинаның ЕО-ға мүше болуын еуропалықтардың үштен екісі қолдайды. Бұл - 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Reuters.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: