Шри-Ланка президентінің сарайын басып алғандар көп ақшаның үстінен түсті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2022 14:59 Сурет: pexels
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапаксаның резиденциясын басып алғандар "миллиондаған рупидің" үстінен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол арадан табылған ақшаның нақты сомасы 17,8 миллион рупий (49,1 мың доллар), деп хабарлайды Daily Mirror.

Ақша шкафтан табылғаны айтылады.

Журналистердің айтуынша, бұл арада президент сарайында сақталған қомақты ақша жайында сөз болып отыр. Желіде демонстранттар табылған ақшаны санау кезінде түсірілген видео жарияланды. Кейін бұл ақша қауіпсіздік бөлімшесіне тапсырылды.

9 шілдеде мыңдаған адам Шри-Ланка астанасы Коломбо көшелеріне президент Готабая Раджапаканың отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты. Соңғы ақпарат бойынша, наразылықтар кезінде кем дегенде 40 адам зардап шекті. Наразылық білдірушілер қоршауды бұзып, президент резиденциясының территориясына баса-көктеп кірді. Раджапакса резиденциясын тастап қашуға мәжбүр болды. БАҚ-тың хабарлауынша, ол Шри-Ланкадан ұшып кеткен болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: