Жаңалықтар тізбегі
0

Шри-Ланканың президенті өз еркімен отставкаға кетті

Готабая Раджапакса, отставка , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 22:14 Сурет: embassy of Sri Lanka
Мальдив аралдарынан Сингапурге ұшағы қонған бетте Готабая Раджапакса электронды пошта арқылы өзінің отставкасы туралы хатты бірден парламент спикеріне жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV телеарнасының хабарлауынша, елде жаппай наразылықтар басталған кезде, яғни сәрсенбіде түнде Раджапакса қашып, Мальдив аралдарын паналаған.

9 шілдеде көптеген адам Президент сарайы алдындағы қоршауды бұза-жара, қамалдан секіріп өтіп, резиденцияға баса-көктеп кірген.

Шри-Ланка 1948 жылы ел тәуелсіздік алғаннан бері ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Коронавирус пандемиясы шетел валютасындағы негізгі табыс көзі болып табылатын туристік секторға соққы берді. Салдарынан Шри-Ланка жеткілікті көлемде жанар-жағармай сатып ала алмай қалды.

Елде азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен газ жетіспейді. Шри-Ланканың көптеген аудандары жанар-жағармай тапшылығына байланысты жарық жиі сөнетін болған. Сондай-ақ мемлекеттің сыртқы қарызы 51 миллиард долларға бағаланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: