Таңғы саудада мұнай бағасы көтерілді

Мұнай, мұнай бағасы, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 12:59 Сурет: pixabay
Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті. Инвесторлар АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі шикізат қорының қысқаруы туралы ақпаратын саралап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:52-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 102,62 долларға дейін, ал америкалық WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,05 пайызға өсіп, 98,28 доллар болды,  – деп жазады 1prime. ru.

АҚШ-тағы коммерциялық бензин қоры алдыңғы аптада 4,5 миллион баррельге немесе 1,1%-ға азайып, 422,1 миллион баррельге жетті. Негізі 1 миллион баррельге ғана төмендейді деп күтілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: