БҰҰ Латын Америкасы мен Африканың бірқатар елінде азық-түлік дағдарысы орын алатынын болжады
Сурет: pixabay
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Африка бойынша экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Вера Сангве, егер аталған елдерге тыңайтқыш жеткізілмесе, онда мұндай жағдай қараша-желтоқсан айларында орын алуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер аталған елдер тыңайтқышқа қол жеткізе алмаса, біз қараша-желтоқсан айларында азық-түлік дағдарысына тап боламыз, өйткені Африка мен Латын Америкасындағы көптеген ел қазірдің өзінде егін науқанына кірісіп кеткен, деп хабарлайды РИА Новости Сонгвенің сөзін келтіріп.
БҰҰ астық пен тыңайтқыш тапшылығына байланысты азық-түлік дағдарысының қаупі туралы бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Батыс Ресейді украин астығын әлемдік нарықтарға жеткізуге қарсы әрекет етеді деп айыптады, Мәскеу мұндай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып келеді.
Алайда 22 шілдеде Ыстамбұлда Ресей өнімдері экспортына салынған шектеулерді алып тастау және Ресейдің украин астығын экспорттауға жәрдемдесуі жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Келісімге Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ өкілдері қол қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript