Жаңалықтар тізбегі
0

Тайванда мемлекеттік орган сайттары бұғатталып, АҚШ әскери ұшақтары әуеге көтерілді

Тайвань, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 20:11 Сурет: Instagram/speakerpelosi
АҚШ ұшағы Қытай өз территориясы деп санайтын Тайвань әуе аймағына келіп енді. Бортта АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидың бар-жоғы, әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат ұшуларды бақылайтын FlightRadar қызметінің деректерінен алынды.

Тайванда мемлекеттік органдардың сайты бірінен кейін бірі өшіріле бастады, СІМ сайты да "құлап кетті".

Жапонияның Окинава префектурасындағы Каден ауылындағы АҚШ әскери базасынан 5 жанар-жағармай құю ұшағы мен 8 F15 жойғыш әскери ұшағы әуеге көтерілді, деп хабарлайды Жапонияның NHK телеарнасы.

Сонымен қатар, екі сағат бұрын әскери нысандардан және әскери техникадан электронды ақпарат жинауға қабілетті Lockheed EP3 радиотехникалық барлау ұшағы базадан ұшып шықты.

"Коммерсант" басылымы мәліметінше, Нэнси Пелоси келуі тиіс Тайбэйдегі қонақ үйдің айналасында күзет күшейтіліп, полиция темір қоршаулар қойды. Тайвань тұрғындары Пелосидің сапарын ерекше қабылдады: кейбіреулері оны қуана-қуана қарсы алуға дайын болса, тағы біреулері оны айыптап, ымыраға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: