Украина премьер-министрі АҚШ-тан 3 миллиард доллар алғанын мәлімдеді

АҚШ, Украина, Дүниежүзілік банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 20:44 Сурет: Zakon.kz
24 тамызда АҚШ көшбасшысы Джо Байден Украинаға ірі әскери көмек пакеті бөлінетінін жариялады. Ақ үй әкімшілігінің болжамынша, бұл сома 2,9 миллиард доллардай болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украинаның мемлекеттік бюджетіне АҚШ-тан 3 миллиард доллар гранттық көмек түсті. Мұны премьер-министр Денис Шмыгаль айтты, деп жазды «Известия».

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк тетігі арқылы мемлекеттік бюджетке АҚШ-тан тағы 3 миллиард доллар өтеусіз гранттық көмек түсті. Бұл тікелей бюджеттік қолдаудың қосымша 4,5 миллиард долларының бірінші траншы. Денис Шмыгаль

4,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржылық көмек берілетіні 8 тамызда жарияланды. Жаңа грант Дүниежүзілік банк арқылы Қаржы министрлігімен келісілгені және Киевке бірнеше траншпен берілетіні атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: