Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та аллигатор адамға шабуыл жасап, оның бас сүйегін тістеп алды

АҚШ, Флорида, аллигатор, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2022 09:57 Сурет: pixabay
Ер адам жыртқыштың аузынан сытылып шығып, жақын маңдағы пирске жүзіп үлгерген. Жағалауда екі баланы кездестіріп, олардың анасы жедел жәрдем шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы Хуан Карлос Ла Верде Флорида штатындағы Тонотосасса көлінде жаттығу кезінде аллигатордың шабуылынан аман қалды.

Оқиға 3 тамыз күні Ла Верде жүзуден жарысқа дайындалып жатқан кезде болды. Ер адам өзінің жаттығуын дрон арқылы видеоға түсіріп жүрген көмекшісімен бірге көлге барған. Жүзіп жүріп, спортшы қатты бір нәрсеге соғылды.

Ұзындығы 3,5 метр аллигатор қас пен көздің арасында Ла верденің бас сүйегінен тістеп, денесін зақымдап үлгерді.

Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем келіп, спортшы ауруханаға жеткізді.

Ауруханада дәрігерлер алты сағаттық ота жасап, Ла Верденің миының самай бөлігі алынып, сынған жақ қалпына келтірілді. Оның оқ жақ бетінің нервтеріне зақым келген, арқасы мен иығы жараланған. Спортшы ауруханада 10 күн жатты.

Оның толық айығып кетуіне ұзақ уақыт қажет. Ла Вердеге көмектесу үшін краудфандинг платформаларының бірінде 62,6 мыңнан астам доллар жиналды.

Ла Верде "шабуыл жасалған күні көлді және оның айналасын мұқият қарап шығу керек еді" деп отыр. Ұзын шашын жасыру үшін бас киім киіп, көзілдірік тағуды ойлаған, бірақ қажет заттарын үйіне ұмытып кетіпті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: