Украинадағы жағдай: Рим Папасы ядролық қақтығыстың өршу қаупіне алаңдаулы

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 23:19 Сурет: pixabay
Рим Папасы Франциск Еуропадағы "айырықша ауыр соғыс" жағдайында ядролық қақтығыстың өршу қаупіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, адамзат бүгіндері құрау-құрау үшінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Киевтің орталығындағы Мәскеу көшесі енді князь Острожский атымен аталатын болды.

  • АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 2 миллиард доллардан астам қаражат Украина мен тағы 18 еуропалық елге қорғаныс мақсатында берілгенін ресми түрде растады.

  • МАГАТЭ Ресей мен Украинадан ЗАЭС-ке қол сұғылмаушылықты растауға шақырды.

  • Зеленский АҚШ-тың әскери қолдауын сақтап қалу үшін бәріне дайын - Ресей СІМ өкілі Мария Захарова.

  • Путин Үкіметтің арнайы рұқсатынсыз достас емес елдерден келген шетелдіктерге тиесілі ресейлік ЖШҚ-дағы үлестер бойынша мәмілелер жасауға тыйым салды.

  • Ресей азаматтарының Эстонияға кіруіне тыйым салу түріндегі қаулы 19 қыркүйекке қараған түні өз күшіне енеді. Литва, Латвия және Польша да осы амалды жөн көріп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: