Жаңалықтар тізбегі
0

Аустралияда 230 кит жағалауға шығып қалды

Аустралия, кит, Тасмания, акула, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 09:59 Сурет: pixabay
Тасманияның (Аустралия) батыс жағалауында 230 кит жағалауға шығып қалды. Сүтқоректілердің жартысына жуығы тірі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Euronews телеарнасы Тасманияның табиғи ресурстар және қоршаған орта министрлігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, қазір теңізді қорғау бағдарламасының тобы құтқару жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарды жинап, сол өңірге қарай аттанып жатыр.

Жергілікті тұрғындар тірі қалған киттерді көрпемен жауып, үстіне су құйып жатыр, ал сол аралықта киттер суға қайта оралуға барынша тырысып жатыр.

Мамандар киттерді құтқарып қалуды ойлағанымен, орналасқан жеріне байланысты операция қиын болады, делінген министрлік таратқан хабарламада. Құтқарушылар әлі де жеткілікті күші бар киттерді суға жіберіп жатыр. Акулаларды жағалауға үйірсік қылмау үшін өлгендерін де алысырақ, мұхитқа қарай сүйреп апарып жатыр.

Жабайы табиғат маманы Ванесса Пироттаның айтуынша, киттер "бағыттан жаңылуы" немесе науқас әрі бағдарсыз жетекшінің соңынан ерген болуы мүмкін, не болмаса таяз суда бір нәрседен үркіген болуы мүмкін. Сарапшы климаттағы өзгеріс те киттердің жағалауға шығып қалуына себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Дегенмен киттердің жағалауға нақты не себепті шығып қалғаны әлі де белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: