Ішкі істер министрлігі ресейліктердің көші-қон ағынына қатысты пікір білдірді

шекара, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 12:24 Сурет: gov.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресей азаматтарының көші-қон ағынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аслан Аталықов Қазақстан мен Ресей арасындағы құрлық шекарасы ең ұзын – 7591 шақырым екенін атап өтті.

1-24 қыркүйек аралығында 896 шетел азаматы тұруға рұқсат сұраған, оның ішінде 115-і – Ресей азаматы.Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов

Оның айтуынша, көші-қон ағыны ең әуелі көрші болуымызбен байланысты.

Ресей азаматтары үшін Қазақстанның транзиттік әлеуетін де ұмытпаған жөн. Ресейліктердің қоныс аудару үшін Қазақстанның әуе айлағын пайдалану мүмкіндігі – иммигранттар ағынының бір себебі, - деп түсіндірді Аслан Аталықов.

Қыркүйектің соңғы күндерінің өзінде Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен. Мыңдаған адам Қазақстан арқылы оңтүстік көршілері – Қырғызстан, Өзбекстанға кетті. Ал бес күн ішінде 6 мыңға жуық ресейліктер әуежайлар арқылы ұшып өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: