Италия елшілігі Ресейдегі өз азаматтарын елге оралуға шақырды

Үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 22:55 Сурет: pixabay
Мәскеудегі Италия елшілігі өз отандастарына аса қажет деп тауып жатпаса, Ресейден кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломаттар халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларды тілге тиек ете отырып, Ресеймен әуе және автомобиль қатынасында туындап жатқан қиындықтарды алға тартады, деп хабарлайды РБК.

Дипломатиялық миссия бұл ретте әуе билеттер құнының шарықтап кетуін, сондай-ақ Ресеймен көршілес елдердің шекарасында қалыптасқан ұзын-сонар кезекті мысалға келтірді.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ елшілігі де Ресейдегі американдықтарға тура осындай үдеу тастаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: