Байден Украинаға12,4 миллиард доллар көмек беретін заңға қол қойды
АҚШ Президенті Джо Байден 12,4 миллиард доллар көлемінде Украинаға қосымша көмекті қамтитын үкіметті қаржыландыруды ары қарай жалғастыру туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Украинаны қолдауды және қаржыландыруды ары қарай жалғастыру туралы актіге сәйкес, 2023 жылы федералды агенттіктерге Киевке тағы да көмек ұйымдастыруға қаражат беріледі.
Бір күн бұрын заң жобасын АҚШ Конгресінің Сенаты мақұлдады. 60-тан астам заң шығарушы орган өкілдері бұл бастаманы қолдады. Бұл жобаны мақұлдау үшін жеткілікті.
Украинаға әскери техника мен қару-жарақ жөнелту, сондай-ақ көліктік қолдау, керек-жарақтар мен техникалық қызмет көрсету, Украинаның Қарулы күштері мен елдің қауіпсіздік күштеріне барлау жағынан қолдау үшін 3 миллиард доллар бөлу жоспарланған.
Заң жобасының мәтінінде айтылғандай, тағы 4,5 миллиард доллар Украинаның экономикасын қолдауға, оның ішінде елдің үкіметтік органдарының жұмысын қамтамасыз етуге бағыттау ұсынылады.
Сонымен қатар, 30 қыркүйекте Пентагон Украина армиясының қажеттіліктері әрі UKR/TPQ-50 радиолокациялық радарларына қызмет көрсету үшін байланыс құралдары мен әскери жабдықтар өндіретін SRCTec компаниясымен сомасы 12,1 миллион долларға жуық болатын келісімшарт жасасты.