Украинаның бірнеше қаласында жарылыс болды
Сурет: pexels
10 қазанда Киев, Львов және Днепр қалаларында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украина президент Владимир Зеленский ел аумағында әуе дабылы тыншымай тұрғанын мәлімдеді. Зымыран шабуылынан қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Ол тұрғындардан сыртқа шықпауды өтінді.
Киев қаласының мэрі Виталий Кличко жарылыстар қала орталығында Владимир Зеленскийдің кеңсесіне жақын жерде болғанын айтты. Қайтыс болғандар бар.
Әлеуметтік желілерде Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланғаны жазылды. Губернаторлар халыққа сыртқа шығу қауіпті екенін ескертіп жатыр.
Жарылыстар Львов пен Днепрде де естілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript