Илон Маск әтір сата бастады
Твиттердегі парақшасына ол өзін "әтір сатушы" деп жазып қойды.
Сурет: Илон Масктың Twitter-дегі парақшасының скриншоты
Менің атағыммен парфюмерия бизнесіне кіру сөзсіз еді, неге одан сонша қаштым екен!? – деп жазды Илон Маск Twitter-де.
Сондай-ақ ол Twitter-ді сатып алу үшін оқырмандарынан одан әтір сатып алуды өтінді.
— Elon Musk (@elonmusk) October 12, 2022Please buy my perfume, so I can buy Twitter
Илон Маск Burnt Hair әтірін "Жердегі ең кремет иіс" деп атады.
— Elon Musk (@elonmusk) October 11, 2022The finest fragrance on Earth!https://t.co/ohjWxNX5ZC pic.twitter.com/0J1lmREOBS
Ол иіссу шығаратынын қыркүйек айының соңында мәлімдеген еді.
8 шілдеде Илон Маск Twitter-ді сатып алу келісімін бұзатынын мәлімдеді. Алайда ол компания «бірігу туралы келісімнің көптеген ережесін өрескел бұзғанын» атап өтті.
Атап айтқанда, Маск жалған Twitter аккаунттарының шынайы саны әлеуметтік желі көрсеткеннен айтарлықтай жоғары екенін айтты.
12 шілдеде Twitter Илон Маскты сәуірде жасалған сатып алу келісімінің шарттарын орындауға мәжбүрлеуді көздеп, сотқа берді. Шілде айының соңында миллиардер қарсы шағым түсірді.
Маск пен Twitter арасында жасалған сатып алу келісімінің талаптары бойынша тараптардың бірі одан бас тартса, бір миллиард долларға дейін айыппұл қарастырылған.
5 қазанда Илон Маск тағы да Twitter-ді сатып алуға ниетті екені белгілі болды. Мәміленің жалпы сомасы 44 миллиард доллар болуы керек. Ал Делавэр штатының соты Twitter-дің Маскқа қарсы шағымы бойынша тыңдауды 17 қазанға белгіледі.