Джакартада үлкен мешіт өртеніп, күмбезі опырылып түсті

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 21:55 Сурет: видеодан алынды
Индонезия астанасы Джакартада өрт салдарынан Ислам орталығындағы үлкен мешіттің күмбезі құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ANTARA агенттігінің хабарлауынша, төтенше оқиға Қожа ауданында орын алып, тұрғындар арасында дүрбелең тудырды.

Мешіттің шатырын жөндейтін жұмысшылар от ұшқынын шығаратын құралды қолдану кезінде өрт шықты. Қатты желдің кесірінен тұтанған от тез тарап, жанғыш материалдар лезде өртке оранды.

Агенттіктің дерек көзінің айтуынша, өрттің көзі әлі жойылған жоқ, қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны белгісіз.

ANTARA мәліметтері бойынша өртті сөндіруге ондаған қауіпсіздік қызметкерлері тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: