Жаңалықтар тізбегі
0

Еуроодақ Украинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді

Украина, Еуроодақ, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 12:10 Сурет: pixabay
ЕО rescEU механизмін Украинаның бірқатар аймағында уақытша қысқы баспаналар салуға пайдаланады. Киевке гуманитарлық көмекті 150 миллион еуроға өсіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық комиссия Украинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсететінін жариялады, деп жазды Deutsche Welle.

Алдағы қыс Украинаға қиындық тудыруы мүмкін, біз бұған дайын болуымыз керек. Дағдарысты басқару жөніндегі еурокомиссар Янез Ленарчич

Ол rescEU апаттық механизмі іске қосылатын уақытша қысқы баспаналар жасалатынын айтты.

Жалпы, Украинаға жалпы құны 62,3 миллион еуро болатын осындай жүйелер мен басқа да заттардың қоры беріледі.

Қысқы баспаналар бірден үш аймақта: Ровно, Буча және Харьковте орналастырылады. Румынияда орналасқан тұрғын үй қорын есептегенде, ЕО 46 000 адамға уақытша баспана бере алады.

Сонымен қатар ЕО халықтың ең осал тобын біліммен, тамақпен және сумен қамтып, қыстың суығынан қорғануын қамтамасыз ету үшін тағы 175 миллион еуро көлемінде гуманитарлық көмекті күшейткелі жатыр.

Оның 150 миллионы Украинадағы операцияларға, 25 миллионы Молдоваға жіберіледі. Осы қаржымен Украинадағы соғысқа жауап ретінде бөлінген Еуроодақтың гуманитарлық көмегінің жалпы көлемін 500 миллион еуродан асты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: