Жаңалықтар тізбегі
0

Гаитиде бандиттік топтар күшейіп, 96 мың тұрғын өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған

БҰҰ есебі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2022 17:38 Сурет: pixabay
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) есебі жарияланды. Онда 96 мыңға жуық Гаити азаматы ел астанасында ұйымдасқан бандалардың зорлық-зомбылығының өршуіне байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған есеп 2022 жылдың маусым мен тамыз айлары аралығында жүргізілді. ХКҚҰ мәліметтері бойынша, 113 мың адам ел ішінде тұрғылықты жерін өзгерткен.

Олардың ішінде 96 мың адам бандалар арасындағы зорлық-зомбылық пен әлеуметтік толқуларға байланысты берекесі кетіп, жадап-жүдегендіктен ел астанасынан кеткен, делінген баяндамада.

Тағы 17 мың адам 2021 жылдың тамызында болған соңғы 10 жылдағы ең ауыр жер сілкінісі салдарынан үдере көшкен.

Президент Джовенель Моиз өлтірілгеннен кейін елде көпжылдық әлеуметтік-саяси дағдарыс күшейе түсті. Бандиттік топтар көбірек ықпалға ие болып, бопсалау, ұрлық кеңінен етек алған, олар елдің барлық аудандарын, соның ішінде жанар-жағармай терминалдарын да өз бақылауына алған.

Тырысқақ дертінің өршуі де елдегі жағдайды қиындатып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: