Шетелдегі сайлау учаскелерінде 7400-ге жуық қазақстандық дауыс берді – СІМ
Zakon.kz
Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде құрылған сайлау учаскелерінде 7400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Роман Василенко шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының құқығын іске асыру үшін 53 елде 68 сайлау комиссиясы құрылғанын айтты.
"Шетелде жүрген сайлаушылардың жалпы саны – 12 841 адам. Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Таиланд, Индонезия сынды елдерде 10 сайлау комиссиясы жұмысын аяқтады. Шетелде 7 400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс беріп үлгерді. Бұл тізімдегі сайлаушылардың 57,5%-ына тең». Роман Василенко
Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары тағы 57 учаске жұмысын жалғастырып жатқанын, Сан-Францискода (АҚШ) әлі біреуі ашылмағанын айтты.
Оның айтуынша, 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік бақылаушылардың жалпы саны 641 адам болды.
Сондай-ақ 264 шетелдік журналист Қазақстандағы президент сайлауынан ақпарат таратып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript