Испанияда Questra World қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Испанияда Questra World қаржылық пирамидасын құрды деген күдікпен 35 жастағы Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 35 жастағы ресейлікке Астана полиция департаменті трансұлттық қылмыстық ұйым құрамында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін іздеу жариялаған.
"Қазір ол қамауда, Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр". Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақПрагада "Азия Авто – Бипэк Авто" компаниялар тобының жетекшілерінің бірі ұсталғаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript